14 қарашада бүкіл әлемде Қауіпсіздік белдігі күні атап өтіледі. Сервис бұл маңызды күнді қосымшада қауіпсіздік белдігінің пайдасы туралы еске салу арқылы қолдады.

ДДҰ статистикасы бойынша, адам қауіпсіздік белгісін таққан жағдайда, оның ЖКО кезінде ауыр жарақат алу қаупі 1,6 есе төмен. Сервисте көлікпен жүру кезінде артқы орындықта да белдікті тағудың маңызды екенін атап өтті — бұл апат кезінде жолаушының өзін ғана емес, сондай-ақ салондағы басқа адамдарды да ықтимал жарақаттардан қорғайды.

Яндекс Go ақпараттық сервисі арқылы сапарлар аса қауіпсіз болуы үшін біз әр тапсырыстың басында белдікті тағу қажеттігін еске саламыз. Егер пайдаланушы белдік дұрыс емес деп айтса — мұндай машиналар міндетті түрде сервистің қосымша тексеруінен өтеді.